«Каспий» зияткерлік мектеп-бақша жекеменшік мекемесі туралы мәлімет
Тәуелсіз елдің негізгі тірегі - білімді ұрпақ екені белгілі. Білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды.
Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Республика болашағына бағдар беретін 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының тағы бір ерекшелігі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдерді терең зерделеу және білім алушылар арасында таратуды ұйымдастыру болып табылады. Елбасы: «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады», – деп атап көрсетті.
Елбасымыздың тапсырмасы негізінде Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында алғаш рет «Каспий» зияткерлік мектеп – бақша жекеменшік бастауыш сыныптар мектебі ашылды. Бұл білім ордасының бас құрылтайшысы – Жаңаөзен қаласына белгілі кәсіпкер, ұлағатты ұстаз, білім беру ісінің үздігі Қалдаманов Исенбай Әбиұлы білім берудегі ісінің міндеттерін толықтай түсініп, қысқа мерзімде мектеп құрылысын бастап, оқу ордасын өте жоғары деңгейде жабдықтап, білімді, білікті, тәжірбиелі мамандармен қамтамасыз етті. 2017 жылдың 2 қыркүйегінде мектеп пайдалануға берілді.
Оқу жылында 16 педагогикалық қызметкер және 5 тәрбиеші, 150 оқушымен жұмысын бастады. Мектепалды даярлық тобында: 75 оқушы, 1- сыныпта 50 оқушы, 2- сыныпта 25 оқушы бар.
Мектеп миссиясы: Қазақстан Республикасының зияткерлік, салауатты өмір салтын ұстанған және рухани дамыған жеке тұлға қалыптастыру.
Білім беру ұйымының мақсаты: - Азаматтылыққа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, өз Отанын сүюге тәрбиелеу;
-Білім берудің жалпыға міндетті стандартын игеру;
-Жеке тұлғаның табысты дамуына, өзін-өзі көрсете білуіне бағытталған оқытудың инновациялық түрлері мен әдістерін енгізу.
-Оқушылардың сапалы білім алу мотивациясын, функционалдық сауаттылығын және мұғалімдердің педагогикалық іс-тәжірибелерін насихаттау.
- Заманауи қоғамның ақпараттандыру жағдайында пән мұғалімдерінің АКТ құзыреттілігін дамыту.
Оқыту тілі: қазақ тілі
Ауысым саны: 1 ауысым
Оқу кабинеттерінің саны - 8
информатика кабинеттер саны - 1
Мультимедиялық кабинет - 1
Дербес компьютермен жабдықталған кабинеттер саны - 2
Интерактивті тақта - 5
жоғары санатты - 7 адам, бірінші санатты - 5 адам, екінші санатты -4.
Материалдық базасы : Оқу кабинеттері (психолог,өзін өзі тану) Акт залы, медициналық кабинет, асхана, кітапхана, оқу кабинеттерінде қосымша интерактивті тақтамен бірге желілік, үстел және мобильді ноутбуктер қолданылады.
Жұмыс күні - 5 күн. Сабақтың басталу уақыты: 08.00. Үйге кету уақыты: 17.00.
Балаларға стандарт бойынша ( Үштілді білім беруге көшудің Үлгілік оқу жоспары) апталық жүктеме негізінде ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті жүргізіледі.
Зияткерлік мектепте балаларға 3 мезгіл тамақ беріледі.
Таңғы ас, күніне 1 мезгіл ыстық тамақ , бесін ас беріледі.
ІІ кезеңде тынығу және пәндер бойынша қосымша сабақтар және үйірмелер жүргізіледі. Зияткерлік мектепте 7 соңғы үлгідегі интер белсенді тақта тб оқу құрал жабдықтары талапқа сай. Мектепте бала таңертеңгі сағат 8.00.ден кешкі 18.00 дейін болады. 5 күндік. Таңертеңгі мезгілде стандарт бойынша сабақ өтеді . Таңғы астарын кесте бойынша тамақтанады. Түскі астан кейін күндізгі ұйқы демалады. Күннің 2жартысында үй тапсырмасын орындап,бесін ас ішкен соң үйірмелерге қатысады. Үйірмелер : домбыра, би, гимнастика, каратэ, тоғыз құмалақ, менталды арифметика,бейнелеу өнері бойынша жүргізіледі. Мектепте оқушылар түгел тегін кітаппен қамтамасыз етіледі және әрбір оқушыға киім кешек,кітаптарын сақтайтын жеке шкафтармен қамтамасыз етілген.












