«Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым!»
Мұғалім: Муратова Айгерим Сакеновна
Сыныбы: 1 «Ә»
Тақырыбы: «Ардақты ана, аяулы-ана, қымбаттым!»
Өткізген күні: 06.03.2025ж
Мақсаты: Оқушыларға 8 наурыз мерекесі жайында мағлұмат беру; Оқушыларды аналарды құрметтеуге, ана еңбегін ардақтауға баулу,қыздарды әрдайым сыйлап жүруге тәрбиелеу; Оқушылардың логикалық ойлау өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту. Эстетика-этикалық әдептерді жетілдіру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, концерттік бағдарлама бойынша құрылған. Сабақта әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Көрнекілігі: Сабақтың тақырыбы безендірілген плакатқа жазылып, тақтаға ілінеді; үнтаспа; 8 наурыз мерекесіне арналып жасалған қабырға газеті; Оқушылардың шығармашылық жұмысынан көрме ұйымдастыру; түрлі-түсті шарлар;












