Жеке меншік мекемесі«Каспий зияткерлік
мектеп-бақша»


Маңғыстау облысы,
Жаңаөзен қаласы, Самал шағын ауданы, ғимарат 42/1

Байланыс телефоны:
+7 (72934) 53 8 86


Іс-шаралар

«Қазақтың ұлттық спорт ойындары»

«Каспий зияткерлік мектеп бақша»

  жекеменшік мекемесінің

 директоры : Елдесова.Ж.Ж

« 20» «03» « 2025 »

Ұлттық спорт ойындары

Дене шынықтыру пәні мұғалімінің ұйымдастыруымен

«Қазақтың ұлттық спорт ойындары»

Ұлттық спор ойынына қатысушылар : МАД, 1, 2, 3, 4 сыныптар арасында өткізіледі
Мақсаты : Қазақ халықының ұлттық спорттық ойындарын ұйымдастыру арқылы және ойнату арқылы оқушыларды үлкен ептілікті, икемділікті, батылдылықты, шыншыл болуды талап ететін арнайы спорт түрлері.Ұлттық спорт ойындарына қызығушылығын артыру

Өтілетін уақыты және орны

Жаңаөзен қаласы «Каспий зияткерлік мектеп бақша» жекеменшік мекемесі

Мектеп Спорт залы

Күні : 20.03.2025ж сағат : 10:00

Ұйымдастырушы : Хасан.М.С

Ұлттық спорт ойын түрлері : Тоғызқұмалақ ойыны,  бес асық ойыны, сақина салмақ, асық ату (шеңбер ойыны) оқушылар арасында арқан тартыс,ләңгі тебу, жаяу аударыспақ және күрес ойын түрлері бойынша өткізіледі

Ұйымдастырылатын ұлттық спорт түрлері

1.Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ойды дамытуға арналған ойын.

2. «Бес асық» — өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Бұл ойынды кезінде жас өспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнаған екен. Ойынға керекті зат бес кішкентей домалақ тас, немесе кейде бес асық болып келеді. Ойын  ережесі 13 кезеңнен тұрады.

3.Сақина салмақ ойыны – Ойыншылар санына шектеу қойылмайды, ойын ережесі – ойыншылар көздерін жұмып, қолдарын алдыға созады, ойын бастаушы сақинаны кез келген бір оқушының алақынан салып, бәрінің қолдарын сипап өтеді. Ойын бастаушы ойыншылардың қолдарына таратқандай болып, өз орнына барып тұрады, ойыншылар көздерін ашып бір біріне қарап алаңдайды, қолында сақинасы бар ойыншы үндемейді, ойын бастау Сақинам кімде деп дауыстағанда, ойыншы білдіртпей, ұсталып қалмай жылдап атып шығу керек.

4.Шеңбер ойыны – қазақ халқының ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, мергендікке, ептілікке баулитын спорт түрі. Ойын ережесі – жерге дөңгелек сызық сызылады және ортасына ұзыннан бір сызық сызылады. Сызылған сызыққа асықтарды біртіндеп тізбек орналастырады, ойыншылар қолдарына асық алып 3 метр жердегі арақашықтықта тұрып, тізбектеліп тұрған асықтарды атады, ойыннық мақсаты, ойыншы атқан асық, тізбектеліп тұрған асықтарды шашып, дөңгелек сызықтан асырып, өзіне асықты ұтып алу, егер асық тимей қалса, келесі ойыншыға кезек беріледі.

5.Арқан тартыс ойыны — қазақтың ұлттық ойыны. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады.

Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта түрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын «бір, екі, үш»... деп сол жақ шетіне дейін санап шыгады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады.

Аударыспақ — спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі. Ойын ережесі – жұмсақ төсеншенің үстінде ойналады. Ойыншылар бір бірін арқалап, астындағы ойыншы жылқы кейпінде қимыл қозғалыс жасап жүреді, үстіндегі ойыншы қарсылас ойыншылармен күреседі. Ойынның мақстаты – ойыншы күресу кезінде қарсылас ойыншыны жерге түсіріп жіберу немесе аттан түсіріп жіберу.

Күресу - қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, икемділікті, төзімділікті, батылдықты талап ететін ең мықты спорт түрінің бірі. Күресу ережесі – жұмсақ төсеншенің ортасына екі қатысушы шығады, ойын бастаушының ұйғаруымен ортаға шығып бақ сынасып күреседі.

Күресу кезінде қолданылатын әдіс тәсілдер, жанбасқа қатау әдісі, бір бірімен жағаласып, қарсылас ойыншыны арқасын жерге тигізіп ұпай алу.

Ескеру керек әдіс тәсілдер. Күресу кезінде – қарсыластың шышынан тартпау, көзін шұқып алмау, тырнамау, шымшымау, қолмен яғни жұдырықпен ұрмау

Ләңгі тебу - Ойын түрлерінің ойналу тәртібі:

1. оң аяқпен «жай қағыс» қағу; 2. сол аяқпен «жай қағыс» қағу; 3. оң аяқпен «жанама» қағу; 4. сол аяқпен «жанама» қағу; 5. оң аяқтың «ұшымен» қағу; 6. сол аяқтың «ұшымен» қағу; 7. «жас + жанама» қағу (оң және сол аяқпен); 8. «жас + ұшымен» қағу (оң және сол аяқпен); 9. «жас + иіліп» қағу (оң және сол аяқпен); 10. «секіріп + иіліп» қағу (оң және сол аяқпен); 11. «тізенің астынан + жай» қағу (оң және сол аяқпен)

  





Ертегі The Bun (Бауырсақ)

Ертегі The Bun (Бауырсақ) Мақсаты: to promote the disclosure of the creative potential, artistic abilities of the child; teach to act out dramatizations aimed at dialogical activity; to form motives for learning English. The author: Once upon a time an old man and woman lived in a village. One day the old man asked the woman. I’m so hungry! Make me a bun please. The grandmother: Ok! The author: The old woman mixed some flour with sour cream and shaped it...

Мұғалім: Садықова Мадина. «Тәуелсіздік – тұғырым!»

Тақырыбы: «Тәуелсіздік – тұғырым!»  Өткізген күні: 13.12.2024ж.  Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету. Шәкірттердің туған...

Мұғалім: Нұратдинова Назерке. Ертегі “The Bun” (Бауырсақ)

Мұғалім: Нұратдинова Назерке Тақырыбы: Ертегі “The Bun” (Бауырсақ)  Өткізген күні: 20.11.2024 жылы  Мақсаты:  to promote the disclosure of the creative potential, artistic abilities of the child;  teach to act out dramatizations aimed at dialogical activity;  to form motives for learning English.  ...

Мұғалім: Садықова Мадина. «Алтын күз, әсем айналам»

Тақырыбы: «Алтын күз, әсем айналам»  Өткізген күні: 14.11.2024ж.  Мақсаты: Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру,мерекелік көңіл -күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге деген ынталарын арттыру. ...

Мұғалім: Садықова Мадина. «Ұстаз мектептің жүрегі»

Тақырыбы: «Ұстаз мектептің жүрегі»  Өткізген күні: 03.10.2024 ж.  Мақсаты: Ұстаздың адам өмірінде алатын орны зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту. ...

Мұғалім: Садықова Мадина. «Бағдаршам біздің досымыз!»

Тақырыбы: «Бағдаршам біздің досымыз!»  Өткізген күні: 01.10.2024 ж.  Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Балаларды жолда жүру ережесін мұқият cақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту. ...

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Каринова Шолпан Таңатқызының іс – сапары

2019 жылдың 19 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Каринова Шолпан Таңатқызының іс – сапар барысында №1 арнайы балабақшасының жұмысымен танысты (Медициналық  кабитеті  - бала дәрігері мен медбике жұмыстарымен;  Көз дәрігері - Окулист...

Үміт фестивалі

1 – желтоқсан Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне орай «Ерекше қажеттіліктері бар балалар арасындағы «Үміт» облыстық шығармашылық өнер  Фестивалі  2019 жылдың 29 қараша айында  Ақтау қаласы 5 шағын аудан Филармонияда өткізілді. Сыйқырлы қылқалам номинациясы бойынша №5...

Абай Құнанбаев 175 жыл

21-22 қараша 2019 жыл аралығында балабақша кітапханасында жоспарланған қазақ халқының ақыны, аудармашы,копазитор, Қара сөздерін қағазға түсіріп ұрпақа қалдырған ағартушы Абай Құнанбавтың 175 жылдық мерей тойына арналған өлеңдері мен қара сөзін мәнерлеп оқу шарасын...

Тәрбиеші және арнайы мамандар арасында ашық оқу қызметі өткізілді

2019 жылдың 20 қараша - 6 желтоқсан айы аралығында (2019-2020 оқу жылында аттестациядан өтуге байланысты) тәрбиеші және арнайы мамандар арасында ашық оқу қызметі өткізілді 20 қараша айында бейнелеу маманы  Гаврильченко Ольга Сергеевна «Помошь друга» - тақырыбында развитие...

Сыныптардың сабақ кестелері

Мектеп сыныптары туралы ақпарат

Мектептің педагог мамандары тізімі

Ата-ана назарына арналған ақпарат

ҚР мемлекеттік рәміздері