Мұғалім: Хасан Мирас. Пән: Дене шынықтыру
Мұғалім : Хасан Мирас
Пән : Дене шынықтыру
2024-2025 оқу жылындағы дене шынықтыру пәні мұғалімі Хасан Мирастың жарты жылдық есебі. Биылғы оқу жылында МАД, 1 «А», «Ә», 2 «А», 3 «А», 4 «А» сыныптарына денешынықтыру пәнінен сабақ бердім. Дене шынықтыру сабағының мақсаттары мектептегі оқушылардың дене бітімін дамыту және жалпы сауықтыру, олардың дербестігін, шығармашылық қабілеттерін және ойлауды дамыту.
Дене шынықтыру сабақтарында білім беру міндеттері қозғалыс дағдыларын және іскерлікті қалыптастыруды, дене қасиеттерін (жылдамдық, икемділік, ептілік, күш-қуат, шыдамдылық т.б.) қалыптастырып, арнаулы білім мен ұйымдастырушылық қабілетін жетілдіруге бағытталған.
Сауықтыру міндеті денсаулықты нығайту, денені жан-жақты дамыту, ағзаны шынықтыру және адамдардың ұзақ шығармашылығына ықпал етуге бағытталы. Тәрбиелік міндетті жан-жақтан тәрбиелеу арқылы ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесіне ықпал етіп, әртүрлі тұлғаларға ұқсасты қасиетті қалыптастауға бағыттайды.
Осы орайда 5 – ші ақпан күні 3 «А» сыныбында «Қозғалмалы және спорттық ойындар» атты ашық сабақ өткізілді. Сабақ мақсаты: Қозғалмалы және спорттық ойындар арқылы оқушылардың күш жігерін, төзімділігін, шапшаңдығын дамыту, спортқа деген қызығушылын арттыру. Сабақ барысында оқушылар белсенді қатысты. Сабақ мақсатыма толық жеттім. Сабақ «өте жақсы» деген бағамен бағаланды.
Наурыз айының 20 – сында МАД, 1 «А», «Ә», 2 «А», 3 «А», 4 «А» сыныптар арасында ұйымдастыруымен «Ұлттық спорт ойындары» атты оқушылар арасында Қазақ күресі, ләңгі тебу, қол күресі, жаяу тартыс, бес асық және тоғызқұмалақ ұлттық ойындардан өткізілді. Оқушылар Ұлттық спорт ойындарына белсенді, жігерлі қатысты. Наурыз мейрамы — діни мереке емес. Бұл — қалың қыстан аман-есен шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз мерекесінде көріскен жандар бір-бірін құшақ жая қарсы алып, игі тілектер айтады.
Қазақтың ұлттық спорт ойындарынан үзінді :












