Жеке меншік мекемесі«Каспий зияткерлік
мектеп-бақша»


Маңғыстау облысы,
Жаңаөзен қаласы, Самал шағын ауданы, ғимарат 42/1

Байланыс телефоны:
+7 (72934) 53 8 86


Іс-шаралар

«Қазақтың ұлттық спорт ойындары»

«Каспий зияткерлік мектеп бақша»

  жекеменшік мекемесінің

 директоры : Елдесова.Ж.Ж

« 20» «03» « 2025 »

Ұлттық спорт ойындары

Дене шынықтыру пәні мұғалімінің ұйымдастыруымен

«Қазақтың ұлттық спорт ойындары»

Ұлттық спор ойынына қатысушылар : МАД, 1, 2, 3, 4 сыныптар арасында өткізіледі
Мақсаты : Қазақ халықының ұлттық спорттық ойындарын ұйымдастыру арқылы және ойнату арқылы оқушыларды үлкен ептілікті, икемділікті, батылдылықты, шыншыл болуды талап ететін арнайы спорт түрлері.Ұлттық спорт ойындарына қызығушылығын артыру

Өтілетін уақыты және орны

Жаңаөзен қаласы «Каспий зияткерлік мектеп бақша» жекеменшік мекемесі

Мектеп Спорт залы

Күні : 20.03.2025ж сағат : 10:00

Ұйымдастырушы : Хасан.М.С

Ұлттық спорт ойын түрлері : Тоғызқұмалақ ойыны,  бес асық ойыны, сақина салмақ, асық ату (шеңбер ойыны) оқушылар арасында арқан тартыс,ләңгі тебу, жаяу аударыспақ және күрес ойын түрлері бойынша өткізіледі

Ұйымдастырылатын ұлттық спорт түрлері

1.Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ойды дамытуға арналған ойын.

2. «Бес асық» — өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Бұл ойынды кезінде жас өспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнаған екен. Ойынға керекті зат бес кішкентей домалақ тас, немесе кейде бес асық болып келеді. Ойын  ережесі 13 кезеңнен тұрады.

3.Сақина салмақ ойыны – Ойыншылар санына шектеу қойылмайды, ойын ережесі – ойыншылар көздерін жұмып, қолдарын алдыға созады, ойын бастаушы сақинаны кез келген бір оқушының алақынан салып, бәрінің қолдарын сипап өтеді. Ойын бастаушы ойыншылардың қолдарына таратқандай болып, өз орнына барып тұрады, ойыншылар көздерін ашып бір біріне қарап алаңдайды, қолында сақинасы бар ойыншы үндемейді, ойын бастау Сақинам кімде деп дауыстағанда, ойыншы білдіртпей, ұсталып қалмай жылдап атып шығу керек.

4.Шеңбер ойыны – қазақ халқының ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, мергендікке, ептілікке баулитын спорт түрі. Ойын ережесі – жерге дөңгелек сызық сызылады және ортасына ұзыннан бір сызық сызылады. Сызылған сызыққа асықтарды біртіндеп тізбек орналастырады, ойыншылар қолдарына асық алып 3 метр жердегі арақашықтықта тұрып, тізбектеліп тұрған асықтарды атады, ойыннық мақсаты, ойыншы атқан асық, тізбектеліп тұрған асықтарды шашып, дөңгелек сызықтан асырып, өзіне асықты ұтып алу, егер асық тимей қалса, келесі ойыншыға кезек беріледі.

5.Арқан тартыс ойыны — қазақтың ұлттық ойыны. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады.

Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта түрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын «бір, екі, үш»... деп сол жақ шетіне дейін санап шыгады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады.

Аударыспақ — спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі. Ойын ережесі – жұмсақ төсеншенің үстінде ойналады. Ойыншылар бір бірін арқалап, астындағы ойыншы жылқы кейпінде қимыл қозғалыс жасап жүреді, үстіндегі ойыншы қарсылас ойыншылармен күреседі. Ойынның мақстаты – ойыншы күресу кезінде қарсылас ойыншыны жерге түсіріп жіберу немесе аттан түсіріп жіберу.

Күресу - қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, икемділікті, төзімділікті, батылдықты талап ететін ең мықты спорт түрінің бірі. Күресу ережесі – жұмсақ төсеншенің ортасына екі қатысушы шығады, ойын бастаушының ұйғаруымен ортаға шығып бақ сынасып күреседі.

Күресу кезінде қолданылатын әдіс тәсілдер, жанбасқа қатау әдісі, бір бірімен жағаласып, қарсылас ойыншыны арқасын жерге тигізіп ұпай алу.

Ескеру керек әдіс тәсілдер. Күресу кезінде – қарсыластың шышынан тартпау, көзін шұқып алмау, тырнамау, шымшымау, қолмен яғни жұдырықпен ұрмау

Ләңгі тебу - Ойын түрлерінің ойналу тәртібі:

1. оң аяқпен «жай қағыс» қағу; 2. сол аяқпен «жай қағыс» қағу; 3. оң аяқпен «жанама» қағу; 4. сол аяқпен «жанама» қағу; 5. оң аяқтың «ұшымен» қағу; 6. сол аяқтың «ұшымен» қағу; 7. «жас + жанама» қағу (оң және сол аяқпен); 8. «жас + ұшымен» қағу (оң және сол аяқпен); 9. «жас + иіліп» қағу (оң және сол аяқпен); 10. «секіріп + иіліп» қағу (оң және сол аяқпен); 11. «тізенің астынан + жай» қағу (оң және сол аяқпен)

  





Кинотеатр «Менің атым - Қожа»

Мұғалімі: Жұқаева Дина Нұрмағанбетқызы Сыныбы: 2 «А» Тақырыбы: Кинотеатр «Менің атым - Қожа» Өткізілген күні: 18.03.2025ж Мақсаты: Білім алушылардың туған жерге, ел тарихы мен мәдениетіне сүйіспеншілігін арттыруда, рухани – адамгершілік, патриоттық тәрбиемен шыңдауға...

Мұғалімі: Мубаракова Райхан Ахасқызы. Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған «Абай ауылына саяхат»

Мұғалімі: Мубаракова Райхан Ахасқызы Сыныбы: 4 «А» Тақырыбы: Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған «Абай ауылына саяхат» Өткізілген күні: 11.03.2025Ж Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру,шығармаларына шолу жасау,өлеңдерін,әндерін мәнерлеп...

Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған «Абай ауылына саяхат»

Мұғалімі: Жұқаева Дина Нұрмағанбетқызы Сыныбы: 2 «А» Тақырыбы: Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына орай ұйымдастырылған «Абай ауылына саяхат» Өткізілген күні: 11.03.2025Ж Мақсаты: Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру,шығармаларына шолу жасау,өлеңдерін,әндерін мәнерлеп...

«Ана – өмірдің гүлі»

Тақырыбы: «Ана – өмірдің гүлі»  Өткізген күні: 06.03.2025ж.  Мақсаты: Оқушыларға ата - ана алдындағы парыз бен қарыздары туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.  ...

Мұғалім: Мубаракова Райхан Ахасқызы. «Ардақты ана, аяулы-ана, қымбаттым!»

Мұғалім: Мубаракова Райхан Ахасқызы Сыныбы: 4 «А» Тақырыбы: «Ардақты ана, аяулы-ана, қымбаттым!» Өткізген күні: 06.03.2025ж Мақсаты: Оқушыларға 8 наурыз мерекесі жайында мағлұмат беру; Оқушыларды аналарды құрметтеуге, ана еңбегін ардақтауға баулу,қыздарды әрдайым сыйлап...

2 «А» сыныбы. «Ардақты ана, аяулы-ана, қымбаттым!»

Мұғалім: Жұқаева Дина Нұрмағанбетқызы Сыныбы: 2 «А» Тақырыбы: «Ардақты ана, аяулы-ана, қымбаттым!» Өткізген күні: 06.03.2025ж Мақсаты: Оқушыларға 8 наурыз мерекесі жайында мағлұмат беру; Оқушыларды аналарды құрметтеуге, ана еңбегін ардақтауға баулу,қыздарды әрдайым сыйлап...

«Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым!»

Мұғалім: Муратова Айгерим Сакеновна Сыныбы: 1 «Ә» Тақырыбы: «Ардақты ана, аяулы-ана, қымбаттым!» Өткізген күні: 06.03.2025ж Мақсаты: Оқушыларға 8 наурыз мерекесі жайында мағлұмат беру; Оқушыларды аналарды құрметтеуге, ана еңбегін ардақтауға баулу,қыздарды әрдайым сыйлап...

Мұғалім: Нуртаева Жарасхан Утеновна. Қыс-ақ қарымен керемет

Мұғалім: Нуртаева Жарасхан Утеновна Тақырыбы:  Қыс-ақ қарымен керемет . Өткізген күні: 13.02.2025 жылы Мақсаты: 1. Шығармашылық қабілеттерін дамыту; Қыс көрінісін суреттеу немесе сурет салу. Қыс тақырыбында эссе, ертегі немесе диалог жазу. 2. Эстетикалық тәрбие...

Мұғалімі: Жұқаева Дина Нұрмағанбетқызы;Мубаракова Райхан Ахасқызы. Мұқағали Мақатаев – поэзия патшасы

Мұғалімі: Жұқаева Дина Нұрмағанбетқызы;Мубаракова Райхан Ахасқызы Сыныбы: 2 «А» Тақырыбы: Мұқағали Мақатаев – поэзия патшасы. Өткізген күні: 11.02.2025ж Мақсаты: Мұқағали Мақатаев өмір жолымен,шығармашылығымен оқушыларды таныстыру.Отанды туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын...

Мұқағали Мақатаев – поэзия патшасы

Мұғалімі: Жұқаева Дина Нұрмағанбетқызы Сыныбы: 2 «А» Тақырыбы: Мұқағали Мақатаев – поэзия патшасы. Өткізген күні: 11.02.2025ж Мақсаты: Мұқағали Мақатаев өмір жолымен,шығармашылығымен оқушыларды таныстыру.Отанды туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу.    ...

Сыныптардың сабақ кестелері

Мектеп сыныптары туралы ақпарат

Мектептің педагог мамандары тізімі

Ата-ана назарына арналған ақпарат

ҚР мемлекеттік рәміздері