«Екі жұлдыз» жас мамандар арасында ұйымдастырылған сайыс
Мұғалім: Азбергенва Алия
Тақырып: «Екі жұлдыз» жас мамандар арасында ұйымдастырылған сайыс
Өткізілген күні: 07.02. 2025ж
Мақсаты: Мектеп ұстаздарының шығармашылық қабілетін дамыту, өнерін насихаттау.
Ұстаздардың өнерін таныту арқылы олардың рухани дамуына ықпал ету. Білім мен өнерді ұштастырып, ұстаздардың жаңа қырын көрсету.
Мектеп ұжымының ауызбіршілігін нығайтып, шығармашылық қарым- қатынасты арттыр
«Екі жұлдыз» байқауда біздің ұстаздарымыз жұп болып өнер көрсетіп, өздерінің вокалдық қабілеттерін ортаға салды.
1-ші жұбымыз: Садықова Мадина Ерсаинқызы, Нуратдинова Назерке Нурымпатшақызы
2-ші жұбымыз: Жалгасбаева Шынарай Жумабаена, Байхан Камарсулу Қайратқыызы
3-ші жұбымыз Муратова Айгерим Сәкенқызы , Хасан Мирас Санбайұлы
4-ші жұбымыз Жұқаева Дина Нұрмағанбетқызы, Мубаракова Райхан Ахасқызы
5-ші жұбымыз Назарбаева Камила Нұрғалиқызы, Қабджанова Гаухар Нұрлыбайқызы.
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрды.
1- кезең: «Таныстыру» кезеңі. ( Қатысушылар өздерін шығармашылық тұрғыда таныстыруы қажет.Ерекшелік, сөйлеу мәнері, өзін-өзі ұстау бағаланады.Максималды ұпай: 10 балл.)
2- кезең: «Өз өнері» (Қатысушылар өз таңдаулары бойынша ән, би, күй немесе басқа да өнер түрін көрсетеді.Орындау шеберлігі, креативтілік, көркемдік деңгейі бағаланады. Максималды ұпай: 10 балл.)
3- кезең « Ситуациялық сұрақ-жауап» кезеңі (Қатысушыларға сабақ барысында немесе жұмыс барысында сұрақтар беріледі, олар сол сәттегі өз әрекетін көрсетуі керек. Шешім қабылдау, актерлік шеберлік, логикалық ойлау, тапқырлық пен шешендік қабілет бағаланады. Максималды ұпай: 10 балл.)
4- кезең «Пародия» кезеңі. (Қатысушылар танымал тұлғалардың немесе кейіпкерлердің пародиясын жасайды. Ұқсастық, тапқырлық, көркемдік шешім бағаланады. Максималды ұпай: 10 балл.)
5- кезең «Сұрақ-жауап» кезеңі. (Қатысушыларға педагогикалық сұрақтар қойылады.
Тапқырлық қабілет бағаланады.Максималды ұпай: 10 балл)
Сайыс соңында жеңімпаздарымызды анықтап,жүлделі сыйлықтармен марапатталды.












