Абай Құнанбаев 175 жыл
21-22 қараша 2019 жыл аралығында балабақша кітапханасында жоспарланған қазақ халқының ақыны, аудармашы,копазитор, Қара сөздерін қағазға түсіріп ұрпақа қалдырған ағартушы Абай Құнанбавтың 175 жылдық мерей тойына арналған өлеңдері мен қара сөзін мәнерлеп оқу шарасын балабақша қызметкерлері мен балалар,топтар арасында өткізілді.
21 қараша күні балалар кітапханаға саяхат жасап, «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе» атты ұйымдастырылған кітап көрмесімен танысты.
«Абай дана, Абай дара» тақырыбында библиографиялық шолу тәрбиешілер мен балабақша тәрбиеленуші топтардың арасында өткізілді. Шолудан кейін оқырмандар Абай Құнанбаевтың өлеңдерін оқуға алды.
Мәнерлеп оқу кезінде топтар арасында ақынның өлеңдерін оқу ұйымдастырылды.Тәрбиешілер арасында Қара сөз оқу ұйымдастырылды.
«Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған» тақырыбында өлеңдерін мәнерлеп оқу мекеме қызметкерлері арасында өткізіледі. Көпшілік шараға мекеме қызметкелер қатысып, қазақ халқының ақыны, аудармашы,копазитор, Қара сөздерін қағазға түсіріп ұрпақа қалдырған,философ, орыс және европа мәдениеті мен әдебиетін жақындастырған қазақ мәдениетін жаңартуды көздеуші, ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық өмірі мен әлемге танымал шығармасымен таныс болды. Шара соңында балабақша директоры Ш.Раисова балаларды дипломмен марапаттады.












