Жеке меншік мекемесі«Каспий зияткерлік
мектеп-бақша»


Маңғыстау облысы,
Жаңаөзен қаласы, Самал шағын ауданы, ғимарат 42/1

Байланыс телефоны:
+7 (72934) 53 8 86


Іс-шаралар

«Қазақтың ұлттық спорт ойындары»

«Каспий зияткерлік мектеп бақша»

  жекеменшік мекемесінің

 директоры : Елдесова.Ж.Ж

« 20» «03» « 2025 »

Ұлттық спорт ойындары

Дене шынықтыру пәні мұғалімінің ұйымдастыруымен

«Қазақтың ұлттық спорт ойындары»

Ұлттық спор ойынына қатысушылар : МАД, 1, 2, 3, 4 сыныптар арасында өткізіледі
Мақсаты : Қазақ халықының ұлттық спорттық ойындарын ұйымдастыру арқылы және ойнату арқылы оқушыларды үлкен ептілікті, икемділікті, батылдылықты, шыншыл болуды талап ететін арнайы спорт түрлері.Ұлттық спорт ойындарына қызығушылығын артыру

Өтілетін уақыты және орны

Жаңаөзен қаласы «Каспий зияткерлік мектеп бақша» жекеменшік мекемесі

Мектеп Спорт залы

Күні : 20.03.2025ж сағат : 10:00

Ұйымдастырушы : Хасан.М.С

Ұлттық спорт ойын түрлері : Тоғызқұмалақ ойыны,  бес асық ойыны, сақина салмақ, асық ату (шеңбер ойыны) оқушылар арасында арқан тартыс,ләңгі тебу, жаяу аударыспақ және күрес ойын түрлері бойынша өткізіледі

Ұйымдастырылатын ұлттық спорт түрлері

1.Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ойды дамытуға арналған ойын.

2. «Бес асық» — өте көне дәуірден келе жатқан, қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. Бұл ойынды кезінде жас өспірімдерден бастап ересек адамдарға дейін ойнаған екен. Ойынға керекті зат бес кішкентей домалақ тас, немесе кейде бес асық болып келеді. Ойын  ережесі 13 кезеңнен тұрады.

3.Сақина салмақ ойыны – Ойыншылар санына шектеу қойылмайды, ойын ережесі – ойыншылар көздерін жұмып, қолдарын алдыға созады, ойын бастаушы сақинаны кез келген бір оқушының алақынан салып, бәрінің қолдарын сипап өтеді. Ойын бастаушы ойыншылардың қолдарына таратқандай болып, өз орнына барып тұрады, ойыншылар көздерін ашып бір біріне қарап алаңдайды, қолында сақинасы бар ойыншы үндемейді, ойын бастау Сақинам кімде деп дауыстағанда, ойыншы білдіртпей, ұсталып қалмай жылдап атып шығу керек.

4.Шеңбер ойыны – қазақ халқының ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, мергендікке, ептілікке баулитын спорт түрі. Ойын ережесі – жерге дөңгелек сызық сызылады және ортасына ұзыннан бір сызық сызылады. Сызылған сызыққа асықтарды біртіндеп тізбек орналастырады, ойыншылар қолдарына асық алып 3 метр жердегі арақашықтықта тұрып, тізбектеліп тұрған асықтарды атады, ойыннық мақсаты, ойыншы атқан асық, тізбектеліп тұрған асықтарды шашып, дөңгелек сызықтан асырып, өзіне асықты ұтып алу, егер асық тимей қалса, келесі ойыншыға кезек беріледі.

5.Арқан тартыс ойыны — қазақтың ұлттық ойыны. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да жогарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді. Олардың саны 10—12 адам болуы мүмкін, ойыншылар бойларына қарай қатар түзеп тұрады.

Ойын басқарушының берген командасы бойынша қатар түзеп сапта түрған ойыншылар оң жақ шетінен бастап қатар санын «бір, екі, үш»... деп сол жақ шетіне дейін санап шыгады. Сөйтіп тақ жағы бір бөлек, жұп жағы бір бөлек бөлініп шығады.

Аударыспақ — спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі. Ойын ережесі – жұмсақ төсеншенің үстінде ойналады. Ойыншылар бір бірін арқалап, астындағы ойыншы жылқы кейпінде қимыл қозғалыс жасап жүреді, үстіндегі ойыншы қарсылас ойыншылармен күреседі. Ойынның мақстаты – ойыншы күресу кезінде қарсылас ойыншыны жерге түсіріп жіберу немесе аттан түсіріп жіберу.

Күресу - қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, икемділікті, төзімділікті, батылдықты талап ететін ең мықты спорт түрінің бірі. Күресу ережесі – жұмсақ төсеншенің ортасына екі қатысушы шығады, ойын бастаушының ұйғаруымен ортаға шығып бақ сынасып күреседі.

Күресу кезінде қолданылатын әдіс тәсілдер, жанбасқа қатау әдісі, бір бірімен жағаласып, қарсылас ойыншыны арқасын жерге тигізіп ұпай алу.

Ескеру керек әдіс тәсілдер. Күресу кезінде – қарсыластың шышынан тартпау, көзін шұқып алмау, тырнамау, шымшымау, қолмен яғни жұдырықпен ұрмау

Ләңгі тебу - Ойын түрлерінің ойналу тәртібі:

1. оң аяқпен «жай қағыс» қағу; 2. сол аяқпен «жай қағыс» қағу; 3. оң аяқпен «жанама» қағу; 4. сол аяқпен «жанама» қағу; 5. оң аяқтың «ұшымен» қағу; 6. сол аяқтың «ұшымен» қағу; 7. «жас + жанама» қағу (оң және сол аяқпен); 8. «жас + ұшымен» қағу (оң және сол аяқпен); 9. «жас + иіліп» қағу (оң және сол аяқпен); 10. «секіріп + иіліп» қағу (оң және сол аяқпен); 11. «тізенің астынан + жай» қағу (оң және сол аяқпен)

  





«Тоғызқұмалақ » үйірмесі

2024-2025 оқу жылындағы дене шынықтыру пәні мұғалімі Хасан Мирастың «Тоғызқұмалақ» үйірмесі бойынша есебі. Биылғы оқу жылында 2 «А», 3 «А», 4 «А» сыныптарына Тоғызқұмалақ үйірмесінен сабақ бердім. Тоғызқұмалақ үйірмесінің  мақсаттары мектептегі оқушылардың ақыл ойын...

Ертегілер әлемі

Мұғалім: Дилметова Улболсын Мирзакалиевна Тақырыбы: Ертегілер әлемі Өткізген күні: 00.00.2025 жылы Мақсаты:  Оқушыларды ертегілер әлемімен таныстырып, олардың мазмұнын түсінуге үйрету. Ертегілер арқылы жақсылық пен жамандықты ажырата білуге дағдыландыру. Кейіпкерлердің...

Мұғалім: Нуртаева Жарасхан Утеновна. ХХІ ғасыр көшбасшысы «Озық ойлы оқушы»

Мұғалім: Нуртаева Жарасхан Утеновна Тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы «Озық ойлы оқушы» Өткізген күні: 04.04.2025 жылы Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың пәндерге қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. 2. Дамытушылық: Ой - өрісін кеңейту, логикалық...

«Қазақтың ұлттық спорт ойындары»

«Каспий зияткерлік мектеп бақша»   жекеменшік мекемесінің  директоры : Елдесова.Ж.Ж « 20» «03» « 2025 » Ұлттық спорт ойындары Дене шынықтыру пәні мұғалімінің ұйымдастыруымен «Қазақтың ұлттық спорт ойындары» Ұлттық спор ойынына қатысушылар : МАД, 1, 2, 3, 4 сыныптар...

Мұғалім: Хасан Мирас. Пән: Дене шынықтыру

Мұғалім : Хасан Мирас Пән : Дене шынықтыру 2024-2025 оқу жылындағы дене шынықтыру пәні мұғалімі Хасан Мирастың жарты жылдық есебі. Биылғы оқу жылында МАД, 1 «А», «Ә», 2 «А», 3 «А», 4 «А» сыныптарына денешынықтыру пәнінен сабақ бердім. Дене шынықтыру сабағының мақсаттары...

Мұғалім: Садықова Мадина. «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!»

Тақырыбы: «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!»  Өткізген күні: 20.03.2025ж.  Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік...

Мұғалім: Мубаракова Райхан Ахасқызы. Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын!

Мұғалім: Мубаракова Райхан Ахасқызы Сыныбы: 4 «А» Өткізген күні: 20.03.2025ж Іс-шара тақырыбы: Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын! Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.    ...

2 «А» сыныбы. Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын!

Мұғалім: Жұқаева Дина Нұрмағанбетқызы Сыныбы: 2 «А» Өткізген күні: 20.03.2025ж Іс-шара тақырыбы: Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын! Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.    ...

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Мұғалім: Муратова Айгерим Сакеновна Сыныбы: 1 «Ә» Өткізген күні: 20.03.2025ж Іс-шара тақырыбы: Ұлыс оң болсын,ақ мол болсын! Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.    ...

Мұғалім: Нуртаева Жарасхан Утеновна. Кино әлеміне саяхат

Мұғалім: Нуртаева Жарасхан Утеновна Тақырыбы: Кино әлеміне саяхат. Кино: Менің атым Қожа 2 Өткізген күні: 18.03.2025 жылы Мақсаты: 1. Оқушылардың қазақ киносы туралы түсінігін қалыптастыру; 2. Кейіпкерлерді сипаттау және олардың әрекетін бағалай білуге үйрету; 3. Кино...

Сыныптардың сабақ кестелері

Мектеп сыныптары туралы ақпарат

Мектептің педагог мамандары тізімі

Ата-ана назарына арналған ақпарат

ҚР мемлекеттік рәміздері