Елдесова Жанат Жүсіпқалиқызы
Елдесова Жанат Жүсіпқалиқызы 1992 жылы 29 қаңтарда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. №4 Сүгір Бегендікұлы атындағы мектепті 2009 жылы бітірді. 2009-2012 жылдары «Каспий» педагогикалық және салалық технологиялар колледжінің «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша оқып бітірді. 2019-2022жж Шымкент университетінің «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алды. Еңбек өтілі 10 жыл, педагог – модератор.
2012-2013жж – Жаңаөзен қалалық 18 «Мереке» балабақшасында тәрбиеші, әдіскер;
2019-2023 жж «Каспий зияткерлік мектеп бақша» жекеменшік мекемесінде бастауыш сынып мұғалімі, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
2023-2024, 2024-2025 жж «Каспий зияткерлік мектеп бақша» жекеменшік мекемесінің директоры;












